Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиОбщество

Маңғыстауда татулығы жарасқан тоғыз келін дауыс берді

«Абысын — ажын» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпазы Бекмағұловтар әулетінің тоғыз келіні бүгін референдумға келіп, таңдау жасады.

Ел болашағы үшін маңызды шешім қабылданар күнді мерекеге балап, өз қолдарымен тіккен әдемі көйлек кәжекейімен келіп, сайлау учаскесінің ішін нұрландырып жіберді.

Халыққа жақсы көңіл күй сыйлаған келіндердің үлкені Жаңылхан Еменова «Бәріміз бір ауыздан бірге келуді шештік. «Абысын тату болса ас көп» деген деген дана халқымыздың қағидасын ұстана отырып, келіндеріме бірге баруға ұсыныс тастадым, олар мені қолдады. Әрқайсымыз бейбіт те берекелі еліміздің келешегі үшін, ұрпағымыздың ертеңгі бақуатты өмірі үшін жауапкершілік танытып, дауыс берейік,-дейді.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстан как центр евразийского доверия в эпоху многополярности

admin_altyalash

Павлодарские хирурги смогут облегчить жизнь пациентам на диализе

admin_altyalash

В Казахстане определят 100 популярных книг отечественных авторов

admin_altyalash