«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды

09.10.2024
0
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды

Жетісу облысының тағы бір елді мекенінде жаңа спорт кешені іске қосылды. Сарқан ауданы Алмалы ауылындағы бұл заманауи спорт нысаны «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен салынды. Жалпы биыл облыста 17 жаңа спорт объектілерінің құрылысына 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, соның ішінде Алмалыдағы бұл спорт кешені – биылдыққа пайдалануға беріліп отырған алтыншы нысан, – деп хабарлайды altyalash.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа спорт кешеніндегі волейбол, баскетбол, күрес, бокс залдары, шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелеріне арналған бөлмелер барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Сол сияқты киім ілетін, жуынатын орындар қарастырылған. Нысан ауласында шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдары бар. Нысан 50 орынға лайықталған.

Бұл қуанышты жаңалыққа ауыл тұрғындары да дән риза.

– Біздің ауыл әуелден спортқа жақын. Кезінде біздің өңірден Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев сияқты атақты палуандар шыққан. Мемлекеттің осындай қолдауынан кейін сондай даңқты спортшылардың жолын жалғайтын жастарымыз ауылымыздан көптеп шығатынына сенемін, – ауыл тұрғыны Зағиля Балабекова.

Ауылдағы спорттық секцияға қатысушы жас спортшылардың бірі Дархан Нұрахмет те пікір бөлісті:

– Бұған дейін жаттықтырушымыз ауылымыздан 3 шақырым қашықтықтағы аудан орталығына бізді өз көлігімен жаттығуға апарып жүрген. Қыстағы суықта барып-келу қиын болатын. Енді алысқа бармай-ақ өз ауылымызда жаттығатынымызға қатты қуанып отырмыз. Ауылымызға салынған спорт кешенінде бұдан былай тұрақты дайындала аламыз, – дейді жас палуан.

Атап өтсек, Сарқан ауданы Алмалы ауылындағы жалпы аумағы 1343 шаршы метр болатын бұл спорт кешенінің құрылысы өткен жылы басталған болатын.

Еске салсақ, жуырда қыркүйек айының соңында Сарқан ауданының Бақалы ауылында да аумағы 3200 шаршы метрлік жаңа стадион пайдалануға берілген.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұлттық құндылықтар жүйесіне арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажет

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.