Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтарСпорт

Жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді

Бүгін елордадағы № 34 Барлыбек Сырттанұлы атындағы мектепте спорт алаңының ашылуы өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың шеткі бөлігінде орналасқан мектепте қазіргі сәтте 374 оқушы білім алып жатыр.

Байқоңыр ауданының әкімдігінің демеушілігімен 3 ай ішінде жаңа спорт алаңы салынды.

Іс-шараға Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» басшысы, Білім басқармасының әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар, мектеп түлектері қатысты.

«Мектеп оқушыларының білімді де, білекті де болғаны біз үшін өте маңызды. Спорт – денсаулық кепілі. Сондықтан біз әрқашан да білім мен спортты қатар алып жүруіміз керек», – деді мектеп директоры Мұрат Ахметов.

Ресми ашылудан кейін спорт алаңында мектеп оқушылары эстафеталық ойындар, асық ату, арқан тартыс, кермеге тартылу, футбол, шахмат бойынша өздерінің спорттық дағдыларын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Тәжікстанға экспортталатын ұн көлемін арттырмақ

admin_altyalash

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты «Ақтөбе-Алматы-1» пойызы қатынамайтын болды

admin_altyalash

Семсерлесуден ұлттық құрама әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді

admin_altyalash