Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде 24 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды altyalash.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Қала аумағында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан күдіктіні қылмыс үстінде ұстады. Күдіктінің жалдамалы пәтерін тексеру барысында 100 грамм мефедрон тәркіленді.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.