Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетӨнер

Француз көрермендеріне «Көшпенділер әуендері» бағдарламасын ұсынды

Париж қаласында «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі француз көрермендеріне «Көшпенділер әуендері» бағдарламасын ұсынды,-деп хабарлайды altyalash.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Концерт Багатель саябағындағы жылыжайда ұйымдастырылды. Париж жұртшылығы музыканттардың орындаушылық деңгейін жоғары бағалады.

Ансамбль қазақстандық және түркі композиторларының шығармаларын орындады. Концерт бағдарламасында Абай Құнанбайұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Владимир Стригоцкий-Пак, Алмас Серкебаев және Хабибулла Сетековтың туындылары болды.

Іс-шараны Париж ботаникалық бағының кураторы мен Париж мэриясы ұйымдастырды. Сонымен қатар, Багатель ботаникалық бағының 10 жылдық мерейтойына орай Ботаника және фитоинтродукция институтында өсірілген Қазақстан өсімдіктерінің үлгілері сыйға тартылды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

«Таймас» жұмсақ жаздық бидайдың жаңа сортының сапасы шетелдік және отандық селлекциялық сорттардан әлдеқайда жақсы

admin_altyalash

Президент Үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады

admin_altyalash

Қырғауылдың тіршілік ету ортасы жыл сайын кеңейіп келеді

admin_altyalash