Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиНовости зарубежьяЗаң мен тәртіп

Бұл мәселе бойынша жақын арада оң шешім болып қалады деп сенемін

ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару ісіне қатысты қандай жұмыс істеліп жатқанын айтты, —   деп хабарлайды altyalash.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл мәселе бойынша жақын арада оң шешім болып қалады деп сенемін. ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратура Қазақстан азаматын Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерін салып жатыр», — деді Бас прокурордың орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілерге.

Айтуынша, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбай жазасын Қазақстанда өтеуге қатысты арыз берген.

Айта кетейік, 2014 жылы наурызда Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында ұсталған еді. Оған шекарадан 4,5 келі есірткі алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол ұсталған кезде 20 жаста болған. 2015 жылғы маусымда Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Ұқсас жаңалықтар

Блогер из Актау показал мелеющий Каспий

admin_altyalash

Депутаты Мажилиса обсудили вопросы поддержки детского спорта с жителями Жезказгана

admin_altyalash

Свыше 820 тысяч человек посетили музеи Казахстана в первом квартале 2026 года

admin_altyalash