Сіздер өз қатарластарыңыз бен кейінгі ұрпаққа үлгі боласыздар – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сіздер өз қатарластарыңыз бен кейінгі ұрпаққа үлгі боласыздар

31.10.2024
0
Сіздер өз қатарластарыңыз бен кейінгі ұрпаққа үлгі боласыздар

фото:ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін «Астана Балет» театрында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдениет саласындағы беделді халықаралық жастар байқауларының жеңімпаздарын құттықтады.Бұл туралы altyalash.kz хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр жеңімпаздарды құттықтай отырып, олардың жетістікке жетуіне ата-аналары мен ұстаздарының үлесі зор екенін айрықша атап өтті.

«Сіздермен жүздескеніме өте қуаныштымын. Бұл кездесу Республика күні қарсаңында өтуі тиіс еді. Бірақ мерекеге арналған ауқымды іс-шараларға байланысты бүгін ғана жолығып отырмыз. Ұлттық мерекемізге орай, Мемлекет басшысы және оның атынан біз түрлі салада еңбек сіңірген қызметкерлерді, түрлі мамандық иелерін құттықтадық. Олардың қатарында ұстаздар, дәрігерлер, құтқарушылар, мәдениет қызметкерлері бар», – деді А. Балаева.

Министр жас дарындардың жетістіктері олардың ұстаздарының ұзақ жылғы табанды еңбегінің нәтижесі екенін айтты.

«Сіздердің жетістіктеріңіз – өздеріңіздің ғана емес, сондай-ақ ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың да қажырлы еңбегінің нәтижесі. Еңбек адамдары – мемлекеттің ең басты құндылығы. Сондықтан бүгінде олардың еңбегі жоғары деңгейде мойындалып, құрметтеліп отыр. Сіздерге балаларыңызды тәрбиелеуге жұмсаған күш-жігерлеріңіз үшін алғыс айтамын. Бүгінде Қазақстанда түрлі салада, оның ішінде мәдениет пен өнер саласында жастарды қолдауға және талантын ашуға бағытталған көптеген бастамалар мен жобалар іске асуда. Мемлекет басшысы ел болашағы жастардың қолында екенін үнемі айтып келеді. Сіздер өз қатарластарыңыз бен кейінгі ұрпаққа үлгі боласыздар. Сіздерді алда үлкен жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін», – деді министр.

Кездесу барысында қатысушылар жас дарындарды қолдауға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мемлекеттік жобаларды талқылады.

Кездесу соңында А. Балаева байқау жеңімпаздары мен олардың ата-аналарына және ұстаздарына халықаралық аренадағы жетістіктері үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӨНІМ ШЫҒАРЫЛЫМЫ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ҮШТІКТЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Құрманғазы Сағырбайұлының шоқтығы биік «Балбырауын» күйін бір мезгілде күмбірлетті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.