Олжас Бектенов Шанхайда өткен VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Олжас Бектенов Шанхайда өткен VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты

05.11.2024
0
Олжас Бектенов Шанхайда өткен VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Шанхай қаласында өткен China International Import Expo – VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Жыл сайынғы көпсалалы іс-шараның мақсаты – халықаралық деңгейде экономикалық интеграцияны нығайту. Көрмеге қатысу шетелдік әріптестермен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және ұлттық өнімді халықаралық нарыққа шығаруға жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңсесі Премьері Ли Цян, Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагим, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Моңғолия Премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ, Сербия Премьер-министрі Милош Вучевич қатысты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытайдың Орталық Азия елдерімен тауар айналымының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі болып отыр.

Премьер-министр Олжас Бектенов өз сөзінде мемлекеттер арасындағы кедергісіз сауда-саттық, электронды коммерция, көлік пен логистиканы дамыту, озық ЖИ технологияларын енгізуде өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Жібек жолы электронды коммерциясы» пилоттық аймағын құрудағы ынтымақтастықты нығайту перспективалы болып саналады. Қазақстандық павильондар Alibaba және JD.com ірі сауда платформаларында табысты жұмыс істеп тұр, Douyin алаңында павильон ашу, Қазақстанда цифрлық сауда арналары арқылы логистиканы жеңілдету үшін бонд қоймалары мен кешенді қойма инфрақұрылымын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Қытайдан Еуропаға жерүсті тасымалының 80%-дан астамын қамтиды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автодәлізі, Ляньюньган портындағы логистикалық орталық, Сиань құрғақ портындағы жүк терминалы, Қытаймен шекарадағы үшінші теміржол өткізу пункті және басқа да ірі инфрақұрылымдық жобалар трансқұрлықтық экономикалық дәліздер жүйесін жетілдіруге, тауар айналымын ұлғайтуға және екі ел халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған.


Қазақстан цифрландыру саласында электрондық үкіметтің даму индексі бойынша 24-ші орынды, онлайн қызметтер бойынша 10-шы орынды, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің рейтингіне сәйкес мемлекеттік технологиялардың жетілу индексінде 6-шы орынды алады. Жасанды интеллектіні қолдану мәселелері бойынша тәжірибе алмасу экономикалық прогрестің қозғаушы күші бола алады, деп атап өтті Олжас Бектенов.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян және халықаралық көрмеге қатысушы елдер делегацияларының басшылары цифрландыру тақырыбына бағытталған Қазақстанның «Жаңа дәуір, ортақ болашақ» ұлттық павильонында ұсынылған өнімдермен танысты. Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Kazakh Invest, АХҚО, QazTrade, Kaspi Bank өкілдері еліміздегі табысты жобаларды, оның ішінде электрондық және қаржылық қызметтерді, трансшекаралық сауданы дамыту, инвестициялар тарту бойынша жетістіктерін таныстырды. Сонымен қатар қазақстандық әзірлеушілердің стартаптары көрсетілді, мысалы: Squares – әлемнің кез келген нүктесінде орналасқан жерді жылдам табуға және брондауға мүмкіндік беретін сервис; Alaqan AI – алақан тамырларының суреті бойынша жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру саласындағы жаңа шешім; Cerebra AI – инсультті анықтау үшін жасанды интеллект негізінде диагностикалық бағдарламаны әзірлеу және басқалары бар.

Қазақстанның коммерциялық павильонында биылғы жаңалық отандық өнімді онлайн сату болды. 260 м2 алаңда қазақстандық өндірушілердің 50-ге жуық тауарының – олар ет, сүт, май, астық өнімдері, кондитерлік өнімдер, шырындар мен сусындар, бал, тоқыма және басқа да өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. TikTok платформасы арқылы стриминг іске қосылды, бұл стендке келушілерге ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі көрермендерге өнімдердің ассортиментімен танысуға және оларды нақты уақыт режимінде сатып алуға мүмкіндік береді. Көрменің алғашқы сағаттарында ғана онлайн режимінде $22 мыңға жуық сомаға қазақстандық тауар сатылды. Сондай-ақ павильон биыл 2 есеге ұлғайтылды, көрмеге қатысушылардың 80%-дан астамы – ШОБ өкілдері. Жыл сайын халықаралық көрмеге 300 мыңнан астам қытайлық кәсіби сатып алушылар қатысады, бұл ҚХР-ға экспортты ұлғайтуға жағдай жасайды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ұлы Дала жауһарлары» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды іске асырылуда

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.