Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиКультураДуховность

«Менің атым Қожа» кітабының француз тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылды

Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде белгілі жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті. Іс-шара аясында «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылды.Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Конференцияға ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Эрнесто Оттоне, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы Қазақстан өкілі Бақытжан Омар қатысты.

Қатысушылар Бердібек Соқпақбаев кітабының аудармасы француз оқырмандарына қазақ мәдениетін танытып, Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен құндылықтарын ашатынына сенім білдірді.

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығының ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізілуі оның әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді. 1952 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болған қаламгер көзі тірісінде-ақ қазақ балалар әдебиетінің классигі ретінде танылды. Балалардың ғана емес, ересектердің де сүйікті жазушысына айналған оның шығармашылығы ұрпақ тәрбиесінде әлі күнге өзектілігін жоймай келеді.

Қазақстан тарапы ЮНЕСКО-ға іс-шараны ұйымдастырудағы қолдауы үшін алғыс білдіріп, қазақ халқының мұрасын халықаралық аренада насихаттайтын мәдени іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

В Уральске стартовали VIII областные сельские спортивные игры «Ақ бидай»

admin_altyalash

В рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» в Есильском районе Северо-Казахстанской области высажено 40 000 деревьев

admin_altyalash

Олжас Бектенов поручил продолжить работу горячих линий для реагирования на возможные вопросы граждан по восстановлению жилья

admin_altyalash