Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетРуханиятФотогалерея

Моңғолиядан Қазақстан тарихына қатысты фото және киноқұжаттар табылды

«Архив – 2025» кешенді жоспары аясында шет ел архивтерінен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты тарихи құжат жинақтау мақсатында ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің делегациясы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласына іссапармен барды.Бұл туралы altyalash.kz хабарлайды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Моңғолия Ұлттық архивінен Қазақстанға қатысты құжаттар анықталып, 90 фотоқұжат және жалпы ұзақтығы 92 минуттық киноқұжаттың көшірмесі алынды.

Киноқұжатта Баян-Өлгей аймағының он және жиырма жылдығына арналған бейнеқұжаттары, қазақстандық делегацияның жергілікті қазақтардың тыныс-тіршілігімен танысуы туралы деректер бар. Ал фотоқұжаттарда Баян-Өлгей аймағындағы қазақ халқының тұрмысы, жергілікті театр әртістерінің қойылымдары, әр жылдары Моңғолия еліне сапарлаған қазақстандық өкілдер бейнеленген.

фото:ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

AUYL FEST – 2026: ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin_altyalash

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Қызылорда облысының жастары белсенді қатысуда

admin_altyalash

«Семей орманы» табиғи резерватының 3 басшысы сотталды

admin_altyalash