«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы «Жезказғантүстімет» ӨБ атауы ресми түрде Қ.И. Сәтбаев атындағы «Жезказғантүстімет» ӨБ болып өзгертілді.Бұл туралы altyalash.kz хабарлайды.
Бұл тарихи қадам биыл 125 жасқа толған көрнекті ғалым және қазақстандық геологияның тұңғыш жол салушысы Қаныш Сәтбаевтың ғылымға қосқан үлесін мәңгі есте қалдыруды көздейді. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Қазақстанның тау-кен металлургия саласының дамуына зор үлес қосты.
Филиал атауын өзгерту – бұл ұлы ғалымның рухына құрмет қана емес, оның Қазақстанның өнеркәсіптік және әлеуметтік дамуына қосқан үлесін мойындау.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.