Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЗаң мен тәртіп

WhatsApp желісі арқылы алданғандар


Күдікті елорда тұрғындарына Қытай мен Түрікменстаннан
халық тұтынатын тауарларды тікелей жеткізуге уәде беретін
қылмыстық жоспар құрған.Бұл туралы altyalash.kz хабарлайды.
Азаматтарды алдау үшін ол WhatsApp мессенджерінде
арнайы топтар ашып, тауарларды нарықтық құннан төмен
бағамен жарнамалаған.
Осылайша, 30 адамның 3 млн теңгеден астам қаржысын
иемденіп, алаяқ ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Сотта қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысып,
жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қатынаста болғанын
көрсетті.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушының бастапқыдан
тауар жеткізуді жоспарламағанын және өзіне алған
міндеттемелерін орындауға ниеті болмағанын дәлелдеді.
Сот үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Келтірілген материалдық шығын сотталғаннан өндірілді.
Астана қаласының прокуратурасы тұрғындарға
мессенджерлерде төмен бағамен тауарларды тікелей
жеткізуге уәде беретін күмәнді мәмілелерден сақ болуды
ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстан и Кыргызстан укрепляют взаимодействие в сфере ЧС

admin_altyalash

Эльвира Азимова: «Перед Конституционной комиссией стоит исключительная миссия»

admin_altyalash

Правительство намерено пересмотреть подушевое финансирование в сферах образования и здравоохранения

admin_altyalash