Жастар арасында құстармен аң аулау бойынша Қазақстан чемпионаты өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жастар арасында құстармен аң аулау бойынша Қазақстан чемпионаты өтті

18.11.2024
0
Жастар арасында  құстармен аң аулау бойынша Қазақстан чемпионаты өтті
Фото: Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігі

 – Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінде жасөспірімдер мен жастар арасында аңшы құстармен аң аулау бойынша Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ең мықты бүркітші атағы үшін еліміздің 11 облысынан, Астана мен Алматыдан 60 спортшы бақ сынасты.

Жарысқа олар 40 бүркіт, 17 қаршыға және 9 сұңқар алып келді.

Аңшылар құстарды қолына тарту, аң аулау және олжа іздеу кезінде оларды бағыттау қабілетімен жарысты.

Қарағанды облысынан өнер көрсеткен Қазбек Жандаулет бүркітпен аң аулауда үшінші болды. Бірінші және екінші орындарды Жамбыл және Алматы облыстарының өкілдері иеленді.

құсбегі
Фото: Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігі

Бір бүркітшіге бірден белгілі бір санаттағы бірнеше түрлі құстармен өнер көрсетуге рұқсат етілді.

Ақмола облысынан Дархан Кеңес бүркіт пен де сұңқармен де жарысқа қатысты.

— Менің үлкен ағам алдымен дәстүрлі аң аулауды бастады. Мен де бірте-бірте қызығушылық танытып, онымен бірге жаттығуды бастадым. Бізде сұңқарлар да, бүркіттер де бар. Уақыт болса, әртүрлі құстармен жұмыс істеуді үйренуге болады, — дейді ол.

құсбегілер
Фото: Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігі

Чемпионатта Дархан сұңқарымен екінші орын алды. Ол сондай-ақ бүркіттермен аң аулайтын финалистердің қатарына кірді, бірақ бұл санатта жүлделі орын алған жоқ.

— Дәстүрлі аң аулауда көптеген факторлар рөл атқаруы мүмкін. Бұл ауа райы, жер бедері, қысым, құстың көңіл-күйі. Барлығы әрқашан бүркіттің шеберлігі мен тәжірибесіне байланысты бола бермейді, дегенмен олар да шешуші рөл атқарады. Менде әлі көп тәжірибе жоқ: әдетте менің ағам жарысқа барады, Мен үйде құстарды бақылап отырамын. Бірақ өткен жылы Көкшетаудағы жарыстарда бүркітпен үшінші орынға ие болдым, — деді Дархан Кеңес.

құсбегі
Фото: Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігі

Сұңқар аулауда бірінші орында Алматы облысының өкілі, ал үшінші орында — елорда тұрғыны болды.

Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының қатысушылары сұңқармен аң аулауда үздік атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге 500, 300 және 200 мың теңгеге ақшалай сертификаттар табысталды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Сербияға ресми сапармен барды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Үкімет жеке тұлғалардың 90%-ын декларациялаудан босатты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.