Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Сербияға ресми сапармен барды

Фото: Ақорда

— Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ұшақ
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Сербия Президенті Александр Вучич
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

Сербия
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның Премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты

admin_altyalash

Сот Павлодар облысының ресейшіл тұрғынына іздеу жариялады

admin_altyalash

«Қанатты қалам – 2025»: Сыр елінде БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді

admin_altyalash