СИМ бір уақыт белдеуінің артықшылықтары туралы баяндады. Үкімет UTC+5 қолдайды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Тамыз 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

СИМ бір уақыт белдеуінің артықшылықтары туралы баяндады. Үкімет UTC+5 қолдайды

19.11.2024
0
СИМ бір уақыт белдеуінің артықшылықтары туралы баяндады. Үкімет UTC+5 қолдайды

Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның 5-ші уақыт белдеуіне көшуінің артықшылықтары туралы баяндады.

Министр шешім қабылдау кезінде Парламент депутаттары, мемлекеттік және жергілікті органдардың өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, институттар мен қоғамдық бірлестіктер кіретін уақытты есептеу тәртібі бойынша арнайы құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының есебінде көрсетілген ғылыми негізделген дәлелдер пайдаланылғанын атап өтті. Табиғи уақыт жақтаушыларының халықаралық альянсы (IANT) Үкіметтің Қазақстанның орталық және шығыс облыстары үшін географиялық бойлыққа сәйкес келетін және халық үшін оңтайлы шешім болып табылатын UTC+5 уақыт белдеуін белгілеу туралы шешіміне оң қорытынды берді.

«Қазақстанда уақыт есептеу жүйесінің қалыптасу тарихы алдыңғы уақыт белдеуі UTC+6 алғаш рет 1930-1931 жылдары декреттік, яғни “бұйрықтық” уақытты (“уақыт белдеуі+бір сағат”) қолдану арқылы енгізілгенін көрсетеді. Аумақтардың көп бөлігі іс жүзінде 5-ші уақыт белдеуінде жатқанына қарамастан. Жалпы, советтік кезеңде Қазақстанда командалық-жоспарлы экономика мүддесі үшін табиғи уақыт белдеуі бұйрық тәртібімен 8 рет өзгерді. Нәтижесінде Қазақстан табиғи циклге сәйкес келмейтін уақыт белдеулерінде тұрды. Осылайша, UTC+5 біздің еліміз үшін жаңа белдеу емес, тарихи негізделген уақытқа оралу болып саналады», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.

UTC+5 уақыт белдеуі еліміздің халқының 76%-дан астамы тұратын (15 млн 240 мың адам) Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Шымкент, Семей және Павлодар қалаларын қоса алғанда, 67,5-тен 82,5 градусқа дейінгі бойлықтарды қамтиды. Бүгінгі таңда әлемнің 195 елінің 117-сі географиялық уақытты стандартты уақыт белдеуіне мүмкіндігінше жақын етіп таңдады, өйткені адамның циркадты ырғағы табиғи күндізгі кезеңмен синхрондалады. Осылайша, уақыт белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды саналады, деді министр.

Премьер-министр сауда және интеграция министрі қолданыстағы уақыт белдеуінің пайдасына барлық жан-жақты дәлелдер келтіргеніне тоқталды.

«Үкімет бұл шешімді қолдайды. Еліміздің аумағының көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан, сондықтан ғылыми тұрғыдан бұл дұрыс шешім. Сауда және ақпарат министрліктеріне неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Үкімет жеке тұлғалардың 90%-ын декларациялаудан босатты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.