Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Ұлттық кітапханада Қалихан Ысқаққа арналған жиын өтті

Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламы қарымды драматург Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған «Қазақы қара сөздің алдаспаны» атты конференция өтті.

Жиынға Қазақстан Жазушылар одағы мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары, әдебиеттанушылар және зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар жазушының шығармашылық болмысы туралы баяндама жасады. Ғалымдар Қалихан Ысқақтың қазақ прозасында қалыптастырған көркемдік дәстүрі, тілдік өрнегі және драматургия саласындағы ізденістері жөнінде сөз қозғады.

Конференция барысында жазушы туралы арнайы дайындалған деректі фильм көрсетіліп, көпшілік назарына Ұлттық кітапхана қорынан жинақталған кітап көрмесі ұсынылды. Сонымен қатар, мерейтой қарсаңында ұйымдастырылған суретшілер байқауының үздік туындылары жұртшылыққа таныстырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Сөз бостандығы – тек жеке адамның құқығы емес, мемлекеттің интеллектуалдық әлеуетін арттыратын стратегиялық ресурс

admin_altyalash

Қазақстан боксшылары жеті жолдама үшін күш сынасады

admin_altyalash

«Алқа» әдеби клубында жасанды интеллектің әдебиетке әсері талқыланды

admin_altyalash