ҚЫЗЫЛОРДАДА КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

23.11.2024
0
ҚЫЗЫЛОРДАДА КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен “Қызылорда Саз М” ЖШС заманауи кірпіш зауытының іргетасына капсула салу рәсімі өтті.
Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жобаға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, зауытқа Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағынан 7 гектар жер телімі берілді. Құны 2,3 млрд теңге болатын зауытта жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады деген жоспар бар. Іргетасы желтоқсан айында құйылып бітеді. Құрылыс алаңында 20 жұмысшы, 11 техника жұмыс жасауда. Зауытқа қажетті қондырғылар желтоқсан айында жеткізіліп, алдағы жылдың ақпан айында монтаждалады. Бұл зауыттың басқалардан ерекшелігі – өндіріс толығымен автоматтандырылған.
Айта кетейік, құрылыс саласында биыл 189 жобаны жүзеге асыруға 134,8 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 36 білім беру, 22 денсаулық сақтау, 13 мәдениет, 14 спорт, 1 қоғамдық тәртіп,1 жұмылдыру дайындығы, 3 мемлекеттік орган ғимараты, 1 154 пәтерлік 21 тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша 85 жоба бар. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында «Өнер орталығы», «Қан орталығы», «Үстел теннисі орталығы», «Оқушылар сарайы» және сол жағалаудағы 900 орындық «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді. Жаңа стадион, «Инновациялық- шығармашылық орталық», музыкалық колледж ғимараты құрылысы басталды. Барлық ауданда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият орталықтары», 9 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында, Арал ауданының Сексеуіл кентінде аурухана, Жаңақорған кентінде «Оқушылар үйі» және 3 жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, биыл демеушілер есебінен 17 нысанның жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді.
фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛҒАН АУЫЛДАР САНЫ АРТТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.