Дулыға Ақмолда балабақшадағы келеңсіздік туралы айтты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 4, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Дулыға Ақмолда балабақшадағы келеңсіздік туралы айтты

24.11.2024
0
Дулыға Ақмолда балабақшадағы келеңсіздік туралы айтты

Белгілі театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық әртісі Дулыға Ақмолда ұлттық идеологияға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Халық әртісі сұхбаттарының бірінде онда өзі тұратын үй жақтағы жекеменшік балабақшада қазақ балаларын көбіне орыс тілінде тәрбиелейтіні қынжылтатынын жеткізді.

“Көктемде, жазда таң атпастан балаларды орыс тілінде жаттығу жасатып жатқан дауыстары естіліп жатады. Тәрбиешілерінің бәрі орысша сөйлейді. “Раз, два, ноги. Раз, два, руки”. Где руки? Давайте, веселые руки!” деп айқайлап жатады. Барсаң, бәрі қазақтың кіп-кішкентай балалары”, – дейді актер.

Осыған күйінген актер соларға “Неге қазақша сөйлемейсіңдер?” деп бірауыз айтпақ түгілі есігіне ешкімді маңайлатпайтынын айтты.

“Көрдіңіз бе, ұлттық идеология деп отырғаным – осы. Осылардың бәрі қадағалануы керек. Бұған заң органдары кірісуі керек шығар. Қазір кімнің немен айналысып жүргенін білмейтін болдық қой. Көшеде біреу таяқ жеп жатса кімге хабарласып, кімді шақыратынымызды да білмей қалдық. Сондай заман болды. Бұдан да өтерміз енді. Тезірек өтсек екен”, – дейді Дулыға Ақмолда.

Актер сондай-ақ осындай мәселелерді қолға алып, кезінде тіл жанашырлары жап-жақсы бастамаларымен шыққанын, алайда Үкімет тарапынан қолдау болмағандықтан, аяқсыз қалғанына да алаңдаушылық білдірді.

“Әрине, қазір де бар күресіп жүргендер. Бірақ олар да бір күні таяқ жейді. Қашанғы елмен алыса береді дейсіз. Сондықтан тіл мәселесін түзеуді балабақшадан бастауымыз керек. Тілді үйретіп қана қоймай, сол тілдің түпкі негізі қайда жатыр, оның мәдениеті мен әдебиеті қайдан басталады, соны біліп өсуі керек”, – дейді халық  әртісі Дулыға Ақмолда.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Үкіметте цифрлық жобалар қаралды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.