Елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебіне 25 жыл толды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебіне 25 жыл толды

25.11.2024
0
Елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебіне 25 жыл толды

Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Астанамыз бой көтеріп талай тарихи сәттерге қол жеткіздік. Бас қаламыз Астана атанғаннан күннен бастап жаңа қаланың дамуы басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып жатыр. Осы аптада елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебі Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі 25 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанадағы қазақ мектептерінің көшін бастаған оқу орны тарихтан өзіндік орнын алды. Мектеп-лицейдің алғашқы директоры Жамал Қасымбектің көшбасшылығымен 3 жыл қатарынан, 2006, 2007, 2008 жылдары Астана қаласындағы «Үздік мектеп» номинациясын жеңіп алып, 2011 жылы «Көшбасшы мектеп», 2012 жылы «Үздік мектеп» номинациясын иеленген еді. 2013 жылы Лондондағы Халықаралық BID сапа бойынша конвенция №38 мектепті кемелдіктің бұлжымас сапасының беріктігі үшін «Алтын тәж» IQC жүлдесімен марапатаған мектеп ретінде тарихта өзіндік орны бар.

Мектептің ширек ғасырлық мерейтойы барысында «Мектебіме ширек ғасыр» естеліктер кітабының тұсаукесері өткізілді. Мектепішілік «Әлімхан Ермеков» медалі осы мектепте еңбек жолын жас маман болып бастап, 15 жылдан астам үзіліссіз еңбек етіп жүрген ұстаздарға табысталды.

№38 мектеп-лицейдің 25 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-танымдық конференцияда Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы, Астана қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Әсима Бимендина, қоғам қайраткері Әкім Ысқақ, әлімхантанушы ғалым Қанат Өскембаев, ЕҰУ экономикалық география кафедрасының аға оқытушысы Кайрат Сағынов, Пенсильвания университетінің ғылыми қызметкері, мектеп түлегі Айнұр Қадырбаева, мектептен шыққан 20 басшының атынан сөйлеген Сәуле Әзімханова осы №38 мектебінің Астананың білім тарихындағы көшбасшылық бейнесі мен тағылымдық тәжірибелеріне кең тоқталып талдады.

Конференция соңы мектеп көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасып, айтыскер ақын Нартау Тілеуқұл толғау арнаса, эстрада жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова мен жас әнші Әйгерім Тілеубек әннен шашу шашты.

 

 

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Үкіметте цифрлық жобалар қаралды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Пилоттық режимде балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.