Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБілімЖаңалықтар

Италияда өткен робототехника бойынша әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Италия мемлекетінің астанасы Римде өткен Халықаралық Fibonacci International Robot Olympiad әлемнің түкпір-түкпірінен робототехника әуесқойларының басын қосатын ең ірі жарыстарының бірі. 28 мемлекет қатысқан жарыста Бурабай ауданындағы Қызылағаш ауылы Абылайхан мектебінің командасы әлем чемпионы атанды.

Еліміздің намысын Жеңіс Дидар, Қаппасов Дидар, Кәдірбай Нұрәлі қорғаған. Жетекшісі, информатика пәні мұғалімі Нұржан Әбілжанов.

Жарыс 14 санат бойынша өтті. Бір санатқа бір мемлекеттен 5 команда қатыса алды.

Нәтижесінде Қазақстаннан келген командалар үш орынға ие болды. Оның ішінде «Lego Line Following» санатында Ақмола ауылдық мектебінің командасында 1 орында.

«Халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысып, ел намысын қорғап, биік жетістіктеріне жеткендеріне қуанышты және жеңіспен оралуына ұстаздарымызға ризашылығымызды білдіреміз!» – деді бурабайлықтар.

Естеріңізге сала кетейік, бұл команда Республикадан өтіп, Турция мемлекетінің Анталия қаласында өткен Азия чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп Римге жолдама алған болатын.

Айта кетейік, Ақмола облысында 200-ден астам мектеп робототехника кабинеттері мен элементтерімен жабдықталған және 80-нен астам робототехника үйірмелері жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

22 қараша 2024

Ақмола облысы әкімінің Жарқайың ауданына жұмыс сапары: әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің сапасына басымдық берілді

22 қараша 2024

Атбасарда орталық қазандық реконструкциялануда

22 қараша 2024

Жарқайың ауданы тұрғындарымен есептік кездесу: жұмыс қорытындысы мен даму жоспарлары

20 қараша 2024

Ақмола облысында агроөнеркәсіп кешенінің үздік өкілдері марапатталды

20 қараша 2024

Ақмола облысы – елорданың негізгі азық-түлік жеткізушісі

Ұқсас жаңалықтар

Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады

admin_altyalash

Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр

admin_altyalash

Жамбыл облысында тұрғыннан 43 келіден астам марихуана тәркіленді

admin_altyalash