Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Америкалық валюта 522 теңгеден саудалануда

Фото: Александр Павский/ Kazinform

 – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде бір доллар орта есеппен 515-520 теңге аралығында сатылып жатыр.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 520 теңге. Кейбір ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 522 теңгеден саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 519 теңге.

Ұлттық банктің 28 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 499,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,62 теңге. Еуро — 525,83.

Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Арал теңізі жанданып, жасыл белдеулер бой көтеруде

admin_altyalash

Рафаэль Надаль ресми түрде карьерасын аяқтады

admin_altyalash

Маңғыстау облысында қандас елден шығарыла жаздады

admin_altyalash