Отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі, ұрпақ тәрбиесінің негізі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі, ұрпақ тәрбиесінің негізі

28.11.2024
0
Отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі, ұрпақ тәрбиесінің негізі

Елорда әкімдігінің мәліметінше, аталған байқауға қатысып, сөз сөйлеген Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжанова Отанның тұтастығын сақтау әр отбасының татулығымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі, ұрпақ тәрбиесінің негізі. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік те, патриоттық сезім де отбасынан бастау алады. Бүгінгі байқау да қажырлы еңбек, өнегелі тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын лайықты жалғастырып келе жатқан отбасыларды үлгі етуді көздейді. Бұл байқауға қатысушылардың барлығы – түрлі салада жетістікке жетіп, әулет абыройын асырып, құрметке бөленгендер. Олар қашан да қоғамның айнасы бола алады деп сенеміз, – деді Назгүл Сейітқожақызы.

Байқауға қатысу үшін 60-тан астам отбасы өтінім берген. Отбасылық жұптарға арналған зияткерлік турнирден іріктеліп шыққан 10 отбасы ақтық кезеңге жолдама алып, «Үздік жас отбасы» шығармашылық байқауында бағын сынады.

«Үздік жас отбасы-2024» байқауға Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжанова, «Жайна Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Еркетаев, «Үздік жас отбасы-2023» байқауының жеңімпазы Гаухар Сәдуақасова және жастар ұйымдарының жетекшілері қазылық етті.

Қазылар алқасының шешімімен Көшеновтер отбасы жеңімпаз болып танылып, 700 мың теңгенің сертификаты мен бас жүлдеге ие болды. Ал екінші орын алған Ендібаевтар отбасы 450 мың теңге, үшінші орындағы Сәметовтер отбасы 350 мың теңгені қанжығасына байлады. Өзге қатысушылардың әрқайсысына 100 мың теңгеден ақшалай сыйлық пен алғысхат табысталды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

2 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Америкалық валюта 522 теңгеден саудалануда

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.