«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда

03.12.2024
0
«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда
ҚР Үкіметінің отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінде білім сапасын көтеру мақсатыныда қолға алынған шараларға тоқталып өтті. Бүгінде осы мақсатта елімізде өңірлердегі шағын жобаларды қамтитын «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда.

Өткен жылы Ақтөбе облысында Оқу-ағарту министрлігінің, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының және Білім беруді тұрақты дамыту қолдауымен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру жөніндегі жоба табысты жүзеге асырылды. Жобаға 12 тірек және 134 шағын жинақты мектеп, 11 мыңнан астам білім алушы мен 3,5 мыңға жуық педагог қатысты.

Жобаға қатысқан мектеп басшылары мен педагогтері цифрлық құзыреттілік пен кәсіби дамуға бағытталған арнайы курстардан өтті. Шағын жинақты мектептердің техникалық мүмкіндіктеріне қарай оқытудың 4 моделі әзірленіп енгізілді.

«Жоба аясында тірек мектептерінің материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылып, шағын жинақты мектептер пәндік және цифрлық кабинеттермен жабдықталды. Мектептер жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етілді», – деп мәлімдеді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ өткен оқу жылы Алматы облысының 50 мектебінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім сапасын арттыру мақсатында «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесіне негізделген жоба жүзеге асырылды, ал биылғы жылы Маңғыстау облысында «Отпан» жобасы басталды. Жоба 50 мектепті қамтиды, оның ішінде 35 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан. Оған барлығы 60 мың білім алушы мен 7 мың педагог қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бүгінде 8 мың мектеп бар, оның 67% ауыл мектептері, 51% шағын жинақты мектептер. Шағын жинақты мектептердің ең көп саны Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқудан байқау өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Үкімет отырысында ауылдық мектептерді дамыту мәселелері қаралды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.