Фото: exclusive.kz
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.
Қазақтың ежелгі салттарының бірі — беташар ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді.
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді», – деп жазды ол.
