Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Әлемнің ең үздік жаттықтырушысы атанды

Фото: instagram.com/yesbol_sultanov/
Таеквондодан Тунис құрамасына алтын алып берген қазақ бапкері Есбол Сұлтанов әлемнің ең үздік жаттықтырушысы атанды.

Гонконгта Дүниежүзілік таеквондо федерациясы (Workd Taekwondo) таеквондодан 2024 жылдың үздіктерін марапаттау рәсімін өткізді. Жылдың “Ең үздік бапкері” болып Тунис ұлттық құрамасының бас бапкері, қазақстандық маман Есбол Сұлтанов атанды.

Айта кетейік, Есбол Сұлтанов баптайтын Тунис құрамасының таеквондошысы Мохамед Халиль Жендуби Париж олимпиадасында чемпион атанса, 58 келі салмақта сынға түскен спортшысы қола жүлдені қанағат тұтқан еді. Сондай-ақ Есбол Сұлтанов жаттықтыратын Тунис елінің 4 таеквондошысы Париж олимпидасында жолдама алған.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

admin_altyalash

Қазақстанның белсенді жастары IV «Үндістан – Орталық Азия» форумына қатысты

admin_altyalash

Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы салтанатты түрде таныстырылды

admin_altyalash