Оның қалдырған өнегесі – мәңгілік – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оның қалдырған өнегесі – мәңгілік

05.12.2024
0
Оның қалдырған өнегесі – мәңгілік

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкалық драма театрында аса көрнекті жазушы, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған «Кемел тұлға келбеті» атты халықаралық форум өтті.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.
ҚР МАМ қолдауымен ұйымдастырылған форум қатысушыларына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.

«Әбіш Кекілбаевтың өнегелі өмірі тек жазушылықпен шектелмейді. Ол – мемлекетшіл қайраткер, ел болашағына адал қызмет еткен саясаткер, парасаттылық пен жауапкершіліктің символы. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушылардың қатарында тұрып, ол өз бойындағы асқақ рух пен терең білімді ел игілігі үшін сарп етті. Әбіш Кекілбаев бізге болмысы биік тұлғаның қандай болуы керектігін көрсетті. Оның қалдырған өнегесі – мәңгілік. Ендігі міндет – осы мұраны сақтап, дамыту, Әбіш әлемін жаңа заманмен үйлестіру», – делінген құттықтау хатта.

Халықаралық форум аясында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Әбіш Кекілбаев әлемі» атты фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының қолжазбалары, публицистикалық мақалалары, кітаптарынан 150-ге жуық еңбек, шығармашылық жолын бейнелейтін 20-дан астам фотосурет қойылды.

Іс-шара барысында қаламгердің «Дәурен кешкен» кітабының және түрік тіліне аударылған «KUY» кітабының таныстырылымы өтті.

Форум соңында Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық театры Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесінің желісімен қойылған спектакльді тамашалады.

Айта кетсек, биыл еліміздің әр түкпірінде заңғар жазушының мерейтойына арналған кешенді іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Кейінгі төрт айдың өзінде әдеби кештер, кеңейтілген кітап көрмесі, әдеби сағаттар, т.б. сияқты 40-тан астам іс-шара өткізілген.

Айталық, 27 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен Халықаралық «Әбіш оқулары» конференциясы, «III Халықаралық Әбіш Әлемі театр фестивалі» өтті. Театр фестиваліне отандық 5 театр мен шетелдік 5 театр ұжымы қатысып, Әбіш Кекілбаев шығармаларының сахналық нұсқасын қала тұрғындарына ұсынды.

Сондай-ақ, 6 желтоқсанда «Qazaqstan» телеарнасында Әбіш Кекілбаевтың өміріне арналған «Дәуір даналары» бағдарламасы, «Abai TV» «Жәдігер» бағдарламасы эфирге шығады.

8 желтоқсанда «Хабар» телеарнасында «Әбіш Кекілбаевтың замана лебі» атты деректі фильм көрсетіледі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Тектіліктің ең маңыздысы – адамгершілікті сақтай білу

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақтың ежелгі салттарының бірі – беташар

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.