Энергия балансындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15 пайызға дейін арттыруға ниетті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Энергия балансындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15 пайызға дейін арттыруға ниетті

07.12.2024
0
Энергия балансындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15 пайызға дейін арттыруға ниетті
фото: Президенттің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады. Әңгімелесу барысында елімізде энергетика, телекоммуникация салаларындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қарастырылды, деп хабарлайды altyalash.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Power International Holding (PIH) компаниясы Қашағанда газ өңдеу зауыттарын, Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының екінші желісін, сондай-ақ жаңа компрессор станциясы мен Ақтөбе-Қостанай магистральді газ құбырын салуға қатысады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобалардың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосатынына назар аударды.

PIH Директорлар кеңесінің төрағасы Муатаз Әл-Хаят қазақ тарапымен телекоммуникация, энергетика салаларындағы инвестициялық жобалар бойынша түбегейлі келісімге келгенін айтып, аталған бағыттағы жұмысты іске асыру жоспарын таныстырды. Сонымен қатар, компания қазір Қызылорда облысында бу-газ қондырғысын салу және облысаралық электр желілерін тарту жобаларына келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұдан бөлек, Қатар конгломератының басшылары жасанды интеллект бағытында бірлескен бастамаларды қолға алуға қызығушылық танытып отыр. Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметі тарапынан қатарлық инвесторға қолайлы жағдай жасалатынын растап, барлық жұмысты жоғары стандарттарға сай нәтижелі орындаудың маңызын атап өтті.

Айта кетсек, Қатар астанасы – Доха қаласында 7-8 желтоқсанда жаһандық сын-қатерлерді талқылап, түрлі саладағы инновациялық шешімдерді іздеуге арналған халықаралық форум (Doha Forum) өтеді.

Президент Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Нассер Әл-Хаджриді қабылдады. Кездесуде жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Nebras Power компаниясы мен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның арасында Семей ГЭС-інің құрылысына қатысты келісімге қол қойылғанын құптады. Станцияның қуаттылығы 300 мегаватт болады. Президент бұл жобаның Астана мен Доханың ұзақмерзімді стратегиялық серіктестігін нығайтудағы рөлін жоғары бағалады. Аталған бастаманы табысты іске асыру үшін Қазақстан Үкіметінің жан-жақты қолдау көрсететінін растады.

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз 2030 жылға қарай энергия балансындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15 пайызға дейін арттыруға ниетті. Ал Мұхаммед Нассер Әл-Хаджри Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірлескен жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері жөнінде мәлімет беріп, «жасыл энергетика» саласындағы Қазақстанның әлеуеті зор екенін айтты.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жүрегі 10 минут соқпай қалған науқасты құтқарды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мен барша қазақ қыздарына сәттілік пен бақыт тілеймін

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.