фото:Шымкент денсаулық сақтау басқармасы
Шымкенттік дәрігерлер жүрегі 10 минут соқпай қалған науқасты құтқарды, – деп хабарлайды Aykin.kz.
“Ер адамның жүрегі 10 минутқа тоқтап, дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Жедел іс-шаралардан кейін дәрігерлер жүрек соғысын қалпына келтіріп, науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосты”, – деп жазылған ақпаратта.
Ер адам жағдайы жақсарғанға дейін бес күн нефрологиялық бөлімде болды.
“Дәрігерлердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында науқастың жағдайы жақсарып, қажет емнен кейін үйіне шығарылды”, – деді реаниматолог Жасұр Мұхитдинұлы.