Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Шавкат Рахмонов ирландиялық файтер Иэн Гэрриді жеңді

Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Он тоғызыншы жеңіс: Шавкат Рахмонов ирландиялық файтер Иэн Гэрриді жеңді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Гэрримен жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласынан басым түсті.

Ирландиялық файтер де бұған дейін ешқашан жеңіліп көрген жоқ еді. Қазірге дейін 15 жекпе-жегінің барлығында қарсыластарын қапы қалдырып кетті.

Бүгінгі жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Шавкатқа берілді.

Осылайша қазақстандық спортшы кәсіби мансабында он тоғызыншы мәрте жеңіске жетіп отыр. Ал Иэн Гэрри алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Айта кетсек, бұл Шавкаттың төрешілер шешімімен жеңіске жеткен алғашқы жекпе-жегі. Бұған дейінгі сайыстарда ол жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Ендігі кезекте Шавкаттың орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен (24-3) жекпе-жегі өтуі мүмкін. Алғашқы олардың жекпе-жегі бүгінгі турнирге жоспарланған еді. Дегенмен америкалықтың денсаулығына байланысты ол өтпей қалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын UFC-дің YouTube арнасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) арасында өтетін жекпе-жекке арналған фильм жарық көрді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи мектеп — балалардың табысты дамуының берік негізі

admin_altyalash

2300-ден астам жұмысшы және 1400-ге жуық арнайы техника: қыста Астанада коммуналдық қызметтер қалай жұмыс істеп жатыр

admin_altyalash

Елордада Амангелді Кеңшілікұлының жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті

admin_altyalash