Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Алматыда жекеменшік мектептің маңында тұрған көлік ішінен адам мәйіті табылды

Фото: polisia.kz
Алматы қаласы Полиция департаменті ақпаратты растады.

Бүгін таңертең Алматыда жекеменшік мектептің маңында тұрған көлік ішінен адам мәйіті табылды. Бұл  туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды.

Алматы қаласы Полиция департаменті ақпаратты растады.

«Ер адамның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Осы факті бойынша тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған», – делінген хабарламада.

Полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Казахским тазы присуждены наивысшие титулы на чемпионате мира в Женеве

admin_altyalash

Общенациональная Коалиция призвала жителей Жамбылской области прийти на референдум

admin_altyalash

Прокурор настоял на увеличении штрафа «Казцинку» в 174 раза – до 44 млн тенге

admin_altyalash