Азия чемпионатында Сағындық Тоғамбай ерлер құрамасынан чемпион атанды. Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті.
Бұған дейін 48 келі салмақта Санжар Тәшкенбай Шодиержон Меликузиевтен, Оразбек Асылқұлов (57 келі) Миразизбек Мирзахалиловтан, 57 келіде Дулат Бекбауов Мужибилло Тұрсыновтан, Абылайхан Жүсіпов (71 келі) Хавасбек Асадуллаевтан, 75 келіде Дияс Молжігітов Джавахир Умматалиевтен жеңіліп қалған еді.
54 келі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан ғана Шахзод Музфаровтан басым түсті. Сондай-ақ, Бекзат Нұрдәулетов қарсыласын жеңіп, алтын медалға ие болды.