Астана қаласындағы 86 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Тайландта өткен Азия чемпионатында топ жарып, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сегіз жасар чемпион Әбдіқайым бұған дейін шахмат ойынынан өткен «Akbulak Open-2023» халықаралық турнирінде бақ сынап, үш мәрте күміс жүлдегер атанған, әлем чемпионаттарына да қатысқан.