Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиЭкономика

50 мың тонна өсімдік майын өндіретін зауыт ашылды

Абай облысында «AGRO OIL GROUP» компаниясы жоғары технологиялық өсімдік майын өндіру зауытын іске қосты. Жобаның жалпы құны – 17,3 млрд теңге.

Зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна күнбағыс дәнін өңдеуге мүмкіндік береді. Осы көлемнен 50 мың тонна жоғары сапалы өсімдік майы өндірілетін болады.

Жаңа өндірістің ашылуы Семей қаласы үшін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды оқиға болып табылады. Бұл өңдеу өнеркәсібінің дамуына, аймақтың экспорттық әлеуетінің артуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.

Зауытта заманауи жабдықтар орнатылып, өндіріс барысында инновациялық технологиялар қолданылады.

Ұқсас жаңалықтар

Турция приветствовала проведение конституционного референдума в Казахстане

admin_altyalash

В Актау проходят съёмки эко-драмы «Қара бекіре» 

admin_altyalash

Казахстан как центр евразийского доверия в эпоху многополярности

admin_altyalash