Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты

13.12.2024
0
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/ContentTag.php on line 45
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына сапары Қаратал ауданында жалғасты. Мемлекет басшысы Ескелді би ауылында биыл пайдалануға берілген мәдениет үйі мен спорт кешенінің ғимараттарын аралап көрді.
Жергілікті бюджет есебінен бой көтерген 150 орындық мәдениет үйінде кітапхана, әжелер мен домбырашылар ансамбльдері, би үйірмесі секілді ұжымдар орналасқан.

 

Мемлекет басшысы ауыл кітапханасымен танысты. Сондай-ақ өнерпаз балалармен жүздесіп, еліміздің лайықты азаматы болып өсуіне тілектестік білдірді.

Президент мәдениет үйіне музыкалық жабдықтар мен суретші Ә.Баяндиннің картинасын тарту етті.

Биыл облыстың шалғай ауылдарындағы бес мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, сегіз клуб жаңадан салынған.

Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту мақсатында елді мекендерде 15 шағын спорт нысаны ашылды.

Соның бірі – Ескелді би ауылындағы спорт кешені. Ауыл тұрғындары мұнда тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы үйірмелеріне, бокс, күрес, волейбол, баскетбол секцияларына қатысады.

Президент ауыл балаларымен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың алаңсыз білім алуына, спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп директоры Ләззат Испанова оқушылардың жетістіктері туралы айтып, жазушы мұражайымен таныстырды. 1997 жылы құрылған музейге қаламгердің тұтынған заттары, фотосуреттері, құжаттары мен кітаптары қойылған. Президентке жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған зияткерлік ойын және  повестерінің желісі бойынша шағын қойылым көрсетілді.

Мемлекет басшысына «Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры» атқарған жұмыстар жөнінде баяндалды. Биыл Қордың құрылғанына 15 жыл толып отыр.

Жетісу облысы, Қаратал ауданы

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы аясында жеке инвесторлардың қатысуымен өңірлік бастамалар жүзеге асырылуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

2024 жыл қорытындылары: Қазақстандағы волонтерліктің жаңа көкжиектері

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.