Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ОбразованиеНовости

Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды

фото: ашық дереккөз
Ұлттық тестілеу орталығы ресми мәлімдеме жасады.

 ҰБТ-ға өтініш беру қашан басталатыны белгілі болды.

Бұл жөнінде Ұлттық тестілеу орталығы ресми мәлімдеме жасады.

“Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш беру 20 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанда аяқталады. Өтініштерді app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы беру қажет. Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. ҰБТ-ға жазғы ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл жинамағандар, ақылы негізде оқуға түскендер және мектеп бітіруші түлектер қатыса алады. Пәндер саны мен тапсырмалардың жалпы саны өзгерген жоқ. Жалпы тестілеуде 120 сұрақ бар”, – делінген ҰТО хабарламасында.

Тестілеу 2025 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Подведены итоги летнего туристского сезона в Казахстане

admin_altyalash

DOSCAR GROUP стал официальным партнером бренда Li Auto в Казахстане

admin_altyalash

День работников культуры и искусства отметили в Коксуской районной библиотеке

admin_altyalash