Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Базарда соққыға жығып өлтірген ер адам 8 жылға сотталды

Фото: видеодан скрин
Атыраудағы “Дина” базарында 56 жастағы ер адамды соққыға жығып өлтірген Мұхтар Ахмедов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқиға жарты жыл бұрын болған. “Газель” көлігінің жүргізушісі абайсызда жеңіл көлікті сырып алады. “Мерседес” маркалы көлік иесі ашуға булығып, 56 жастағы Амандық Сағынғалиевті көпшіліктің көзінше қуып жүріп ұрады. Ақырында тұрғын ауыр жарақаттан емдеу мекемесінде көз жұмған.

Марқұмның артында жары, төрт баласы мен бес немересі қалды.

Мұхтар Ахмедовты сот 8 жылға соттап, жәбірленуші тарапқа 20 миллион теңге материалдық шығын төлеуге міндеттеді.

Ұқсас жаңалықтар

Депутат Ұлытау облысында киікті аяусыз ату оқиғасына қатысты тексеріс жасауды сұрады

admin_altyalash

ЕҰУ-да 382 орындық жаңа студенттер жатақханасы ашылды

admin_altyalash

Елорда прокуратурасы инвесторға көмек көрсетті

admin_altyalash