Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиЗаң мен тәртіп

Базарда соққыға жығып өлтірген ер адам 8 жылға сотталды

Фото: видеодан скрин
Атыраудағы «Дина» базарында 56 жастағы ер адамды соққыға жығып өлтірген Мұхтар Ахмедов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқиға жарты жыл бұрын болған. «Газель» көлігінің жүргізушісі абайсызда жеңіл көлікті сырып алады. «Мерседес» маркалы көлік иесі ашуға булығып, 56 жастағы Амандық Сағынғалиевті көпшіліктің көзінше қуып жүріп ұрады. Ақырында тұрғын ауыр жарақаттан емдеу мекемесінде көз жұмған.

Марқұмның артында жары, төрт баласы мен бес немересі қалды.

Мұхтар Ахмедовты сот 8 жылға соттап, жәбірленуші тарапқа 20 миллион теңге материалдық шығын төлеуге міндеттеді.

Ұқсас жаңалықтар

На заседании экспертного клуба «SARAP» обсудили социальные гарантии в проекте новой Конституции

admin_altyalash

Молодежная политика Казахстана: трудоустройство, жилье и карьерный рост

admin_altyalash

QOSTANAI TECH в разгаре: в Костанае проходит крупнейший семейный научно-инновационный фестиваль

admin_altyalash