Биылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, 2025 жылға арналған міндеттерді айқындады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Биылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, 2025 жылға арналған міндеттерді айқындады

20.12.2024
0
Биылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, 2025 жылға арналған міндеттерді айқындады

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия биылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, 2025 жылға арналған міндеттерді айқындады.

Жиынға Ұлттық комиссия төрағасы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, комиссия мүшелері, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, өңірлер әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Аида Балаева биыл Ұлттық комиссия әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды насихаттау және жауапты ата-ана идеясын ілгерілету бойынша кең ауқымды өзекті мәселелерді қарастырғанын айтты. Сонымен бірге, төраға жоғары нәтижеге бағытталған жүйелі жұмысты күшейту қажеттігін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – мемлекеттік қызмет жүйесіндегі гендерлік саясатты жүзеге асыру.

Бұл бағытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әйелдердің кәсіби және көшбасшылық құзыреттерін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Биыл «Әйелдер көшбасшылығы», «Мансап пен отбасы: тепе-теңдікті қалай сақтау керек», «Әйелдер көшбасшылығы: мансап пен отбасы тепе-теңдігі» тақырыптарында жергілікті және шетелдік сарапшылардың қатысуымен семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылып, 876 мемлекеттік қызметкер оқытылды.

Комиссия төрағасы гендерлік оқытуға ерлер аудиториясын да тарту қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, аймақтарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігін айтты.

Жиын барысында комиссия мүшелері Қазақстанда гендерлік сараптаманы заңнамалық деңгейде бекіту қажеттігі туралы бірауыздан келісімге келді.

Ұлттық комиссияның заң шығару жұмыстары бойынша сәтті нәтижелері бар. Биыл комиссия мүшелері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын әзірлеуге қатысты.

Сондай-ақ, Парламент депутаттарымен бірлесіп, алимент төлеу мәселелері бойынша неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнаманың нормаларын қайта қарау жұмысы басталды.

Биыл ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі 2024 – 2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді. Әкімдердің гендерлік теңдік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілер институты енгізілді.

Бір жылда Ұлттық комиссия мемлекет, азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдар арасындағы сұранысқа ие диалог алаңы мәртебесін растады. Ұлттық комиссияның бастамасымен жүзеге асырылған «One-Stop-Service» пилоттық жобасы өзінің тиімділігін көрсетті – 50-ге жуық қылмыстық іс қаралып, оның басым бөлігі балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты болды, 700-ден астам әйел мен бала жедел құқықтық, психологиялық және сараптамалық көмек алды.

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық акциясы аясында республика бойынша 7 мыңға жуық іс-шара өткізіліп, 430 мыңнан астам адам қамтылды.

Ұлттық комиссияның сарапшы топтарының аймақтарға шығу тәжірибесі тиімді пайдаланылды. Жергілікті жерде мәселелерге кешенді талдау жүргізіліп, өңірлік ерекшеліктер ескерілді және шешімдер әзірленді.

Комиссия мүшелері балалардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтің алдын алу бойынша бірқатар бастамалар әзірледі.

Елдің шалғай аймақтарының тұрғындары арасында сұранысқа ие «Саламатты Қазақстан» пойызы биыл 100 мыңнан астам адамды медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмекпен қамтыды. Көпбалалы аналарға және мүгедек балалары бар, қиын өмірлік жағдайға тап болған әлеуметтік осал отбасыларға ерекше көңіл бөлінді.

Бұл жобаға әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аймақтық комиссиялардың әлеуеті белсенді түрде тартылып, халықты қамту және олардың маңызды мәселелерін қарастыру кеңейтілді.

«IT-Aiel» жобасы аясында биыл IT саласында жұмыс істеуге ниетті 3 мыңнан астам жұмыссыз әйел фриланс және электрондық коммерция құралдары бойынша оқу бағдарламасынан өтті. Биыл өтінімдер саны екі есе өсіп, 5151-ге жетті.

Ұлттық комиссия Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретіндегі позициясын қамтамасыз етіп келеді. Комиссия мүшелері БҰҰ-ның 68-сессиясында, Еуропа Кеңесінде және басқа да халықаралық алаңдарда Қазақстанның отбасылық және гендерлік саясат саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауы туралы баяндамалар жасады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨҢІРЛІК АЛҚА ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Астана Опера» спектаклін 12 мың көрермен тамашалады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.