Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиПолитика

Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты

фото Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді, — делінген жеделхатта.

25 желтоқсанда Ақтау әуежайының маңында ұшақ құлаған еді. Оқиға орнынан видео желілерде тараған.

Ұқсас жаңалықтар

Более 104 тонн маковой соломки изъято в ходе спецоперации МВД

admin_altyalash

Алматыда Әдебиет академиясы залы ашылды

admin_altyalash

В ЧЕСТЬ 80-ЛЕТИЯ ПОБЕДЫ ПРОШЕЛ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР НА КУБОК АКИМА ОБЛАСТИ

admin_altyalash