Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыДенсаулықЖаңалықтар

Жүрек ауруларын емдеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі

Теріарқылы коронарлық араласу (ТКА) — жүрекке қан жеткізетін коронарлық артерияларды ашу немесе қалпына келтіру үшін тері арқылы жасалатын хирургиялық әдіс. Бұл әдіс жүрек ауруларын емдеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі.

Орталықта 34 ота жасалынды. Оның ішінде 15 науқасқа стенд (стентирование) қойылып, 19 науқасқа коронография жасалды. Бұл орталықта бір профессор, бір интервенционный кардиолог,кардио реаниматолог, төрт орта
буын қызметкері жұмыс істейді.

Жылыойда ашылған орталықтың басты ерекшелігі — осы жоғары технологиялық медициналық қызметтерді тек ірі қалаларда ғана емес, шалғай аудандарда да тұрғындарға ұсыну.

Орталықтың ашылуы жүрек ауруларының алдын алу мен емдеуді жеңілдетіп, уақытында көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күрделі хирургиялық араласуларды жергілікті жерде жүргізу аурудың асқынуын болдырмауға, науқастарды көшіру кезінде болатын қауіптерді азайтуға септігін тигізеді.

Орталық заманауи аппараттармен жабдықталған. Атап айтқанда ангиограф, дефибриллятор, кардиомонитор және өкпені жасанды желдету құрылғылары бар.

Ұқсас жаңалықтар

Жастар – Қазақстан дамуының стратегиялық ресурсы және негізгі қозғаушы күші

admin_altyalash

Қазақстанның Азаматтық авиация академиясы азаматтық әуе жолына жоғары білікті мамандарды даярлауда шешуші рөл атқарады

admin_altyalash

Бірыңғай уақыт белдеуі

admin_altyalash