Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Оңалту кабинетінің ашылуы – театр өміріндегі жаңа кезеңнің белгісі

«Астана Опера» театр саласында жаңа стандарттарды енгізуді жалғастыруда. Алғаш рет Қазақстанда театр жанынан әртістер мен техникалық ұжымның белсенді физикалық қозғалыстан және жарақаттардан кейін қалпына келуі үшін мамандандырылған көмек алатын оңалту кабинеті пайда болды. Игі бастаманың іске асуына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қоры қолдау көрсетті.

Театр – әртістің жан-тәнімен берілуін талап ететін өнер. Әрбір спектакльді сахналау үшін бірнеше ай бойы дайындықтар қажет. Кейде олар белсенді физикалық жұмыстан кәсіби жарақаттар да алады. Осы уақытқа дейін Қазақстандық әртістер денсаулығына өзбетінше қарап немесе жалпы бейіндік емханаларға жүгінетін.

Енді оңалту кабинеті ашылған соң, кәсіби көмек қолжетімді бола түспек. Кабинет бұлшықетті қалпына келтіруге, ауырсынуды басуға және түрлі ем-шаралар жасауға арналған заманауи құралдармен жабдықталған. Дәл осы жерде әртістердің қалыпты жұмысына тезірек оралуы үшін оларға қалай көмектесуді білетін реабилитолог маманның кеңесін алуға болады.

Оңалту кабинетінің ашылуы – театр өміріндегі жаңа кезеңнің белгісі. Сахнада кәсіби өнерімен халықтың ықыласына бөленіп, сәтті өнер көрсетіп жүрген «Астана Опера» инновациялық бастама жасады. Мұндай қадам сахнадағы барлық өнерпаздың еңбегіне деген құрметті көрсетеді. Сондай-ақ сахнада әсерлі өнер көрсеткен әр әртістің артында қажырлы еңбек, денсаулық пен жанкештілік тұрғанын еске салады.

Енді театр әртістері денсаулықтарын білікті маманға тапсырып, бар күш-жігерін басты мақсат – шығармашылыққа арнай алады.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді

admin_altyalash

Қазақстан Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән береді

admin_altyalash

Сарапшы: «Көгілдір отынның қымбаттауы ұзаққа созылмайды»

admin_altyalash