Цифрлық теңгені пайдаланудың пилоттық жобасы жақсы нәтижелер көрсетіп отыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Цифрлық теңгені пайдаланудың пилоттық жобасы жақсы нәтижелер көрсетіп отыр

28.12.2024
0
Цифрлық теңгені пайдаланудың пилоттық жобасы жақсы нәтижелер көрсетіп отыр

«ҚазАгроҚаржы» АҚ цифрлық теңгені пайдаланып, инвестициялық субсидиялардың бөлінуі мен игерілуін бақылауға бағытталған пилоттық жобаға қатысты. Пилоттық жоба аясында Ақмола облысының фермері ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша лизингке сатып алды, хабарлайды «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі.

Цифрлық теңгені пайдаланудың пилоттық жобасы жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Әлеуетті лизинг алушы атанған Ақмола облысының фермері «Астықжан К Т» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасын 5% жеңілдікті мөлшерлемемен лизингке алды. Аванстық жарна цифрлық теңге көмегімен мемлекеттік қаражат есебінен төленді.

Шарттың жалпы сомасы 7,7 млн теңгені құрады, ал лизинг нысанасы ретінде астық сепкіш-қопсытқыш және айналмалы шөп шапқыш таңдалды.

«Цифрлық теңгенің басты артықшылықтарының бірі – арнайы шоттарға қаражатты алдын ала аудару қажеттілігі туындамайтын болады. Сонымен қатар, жаңа механизм алдын-ала төлемдерді бақылауды автоматтандырады. Жүйе лизинг шартын жасасқан соң қаржы институтының атына қажетті соманы автоматты түрде аударуды қамтамасыз ететін болады. Бұл қателіктер мен түсініспеушіліктерге жол бермейді, әрі барлық қаржылық операциялардың ашықтығын арттырады», – деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марс Алиш.

Цифрлық теңге Қазақстанның ұлттық валютасының үшінші нысаны ретінде қарастырылуда. Оның бірегейлігі – ол қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз төлемдердің артықшылықтарын біріктіреді. Мысалы, цифрлық теңгемен төлем жүргізу үшін интернеттің қажеті жоқ. Сондай-ақ, блокчейн технологиясының көмегімен деректер жоғары деңгейде қорғалып,барлық операциялардың ашықтығы қамтамасыз етілетін болады. Бұл бюджет қаражатының ағынын бақылауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалау және қадағалау жөніндегі жобаларды масштабтауды тапсырған болатын.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Демократияның бір өлшемі еркіндік болса, екінші өлшемі – жауапкершілік

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Пилоттық жоба тек кезекті қысқартумен ғана емес, негізсіз шығындарды болдырмаумен де тиімділігін дәлелдеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.