Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбществоЭкономика

Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлінді

Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжат Қазақстан Үкіметінің резервінен Ұлытау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аудару үшін 1,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді көздейді. Қаржыландыру «Жезқазған қаласының ТМ11 жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғырту» жобасының 2-ші кезегін іске асыруға бағытталады.

Ұлытау облысындағы жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 639 шақырымды құрайды. Сонымен қатар бүгінде тозу деңгейі – 58%. Желілердің негізгі бөлігі 1951 жылдан бастап пайдалануға берілді.

Жезқазғанда желілердің тозуы 60%-ға жуықтайды. 89 мың тұрғыны бар қаланы жылумен жабдықтауды ЖЭО қамтамасыз етеді. Қалалық жылу желілерінің ұзындығы 398 шақырымды құрайды.

Жезқазған қаласын жылумен қамту жағдайын жақсарту үшін облыс әкімдігі жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жобасына түзетулер енгізді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда 5 іске қосу кешенінің 5-ші кезеңін аяқтау үшін 1,5 млрд теңге қажет.

Үкімет резервінен бөлінген бұл қаражат 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының іркіліссіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Токаев: 10 самых загрязненных городов газифицируют к 2025 году

admin_altyalash

Экспертное обсуждения на тему «Роль атомных технологий в создании зеленой энергетики»

admin_altyalash

Робот-кокпар и доставка баурсаков дронами: как цифровой Наурыз удивил казахстанцев

admin_altyalash