Қазақстанның Азаматтық авиация академиясы азаматтық әуе жолына жоғары білікті мамандарды даярлауда шешуші рөл атқарады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 23, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның Азаматтық авиация академиясы азаматтық әуе жолына жоғары білікті мамандарды даярлауда шешуші рөл атқарады

31.12.2024
0
Қазақстанның Азаматтық авиация академиясы азаматтық әуе жолына жоғары білікті мамандарды даярлауда шешуші рөл атқарады

Сенатор оқу орнының басшылығымен және оқытушылар құрамымен кездесу өткізді, сондай-ақ Академияның материалдық-техникалық базасымен танысты.

Нұртөре Жүсіп өз сөзінде авиация экономиканың негізгі саласының бірі екенін айта келіп, әуедегі жолаушылар тасымалын одан әрі дамыту үшін Қазақстанға заманауи жабдықтармен жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықаралық стандарттарға сәйкес саланы дамытуға қабілетті жоғары білікті мамандар болуы керек екенін жеткізді. Елімізге және одан тыс жерлерге авиация саласына кадр даярлайтын Азаматтық авиация академиясы маңызды орталық болып табылады.

«Қазақстанның Азаматтық авиация академиясы азаматтық әуе жолына жоғары білікті мамандарды даярлауда шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ саланы қажетті кадрлармен қамтамасыз ете отырып, еліміздегі авиацияның тұрақты дамуына ықпал етіп келеді. Оқытудың заманауи әдістерін қолдану, халықаралық әріптестермен белсенді ынтымақтастық және жоғары білікті оқытушылар құрамы академияны авиация саласындағы білім беру ісі мен ғылыми ізденістің маңызды орталығына айналдырды. Оның түлектері кез келген қауіп-қатермен күресуге және Қазақстанның авиация саласының қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге дайын», – деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор академия басшылығымен және оқытушыларымен әңгіме барысында әуе кемелерін басқару ісі ауқымды теориялық білімді қажет етумен қатар тағылымды тәжірибені талап ететін жауапты мамандықтың бірі екеніне тоқталды. Тіпті жоғары технологиялық басқару жүйесімен жабдықталған заманауи ұшақтар да сапалы дайындалған мамансыз ұшу қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды. Бұл мәселеде академияның жауапкершілігі өте зор.

«Авиациядағы қайғылы оқиға барлық адамда күйзелу мен қорқыныш туғызады. Әзербайжан авиакомпаниясы ұшағының Ақтау маңында апатқа ұшырауына байланысты қаза тапқан экипаж да, жолаушылар да олардың отбасыларына ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі авиация саласына ерекше назар аударып отыр. Мәселенің  маңызды сұрағының бірі: азаматтық авиация саласында кадр даярлау қаншалықты тиімді жүріп жатыр және болашақта осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылдау қажет? Ақтау маңындағы ұшақ апаты авиациядағы қауіпсіздік тек технологияға ғана емес, мамандардың біліктілігіне байланысты екенін еске салды. Азаматтық авиация саласында жоғары санатты кадр даярлау барлық мемлекеттер мен авиацияға қатысты оқу орындарына басымдық болуы тиіс. Мамандарды соңғы техника бойынша оқытып қана қоймай, олардың моральдық-психологиялық дайындығына, сондай-ақ авиация саласының жалпы қауіпсіздігін арттыруға баса назар аудару маңызды. Тек кешенді тәсіл мен тұрақты жетілдіру ғана қауіптерді азайтуға және болашақта қайғылы оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік береді», – деді депутат.

Нұртөре Жүсіп білім беру ісін жоғары деңгейде ұстау туралы айта келіп, Азаматтық авиация академиясының басшылығы мен оқытушылар құрамына оқытудың озық әдістерін енгізуді және оқу процесін жетілдіре беруге тілектестігін білдірді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Білім беру нысанының құрылысы орын тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Журналистердің бейбіт жиындарда жұмыс істеу тәртібі жарияланды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.