ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА 124 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА 124 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

04.01.2025
0
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА 124 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
фото:Қызылорда облыс әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылар үшін салынған 124 пәтерлік 62 жаңа тұрғын үйдің кілтін иелеріне табыстады. Рәсімге Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы Жаңа жылда жаңа баспанаға ие болған тұрғындарға ізгі тілегін арнады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге тоқталды.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп ерекше атап өтті. Сыр өңіріндегі мақсатты бастамалардың нәтижесі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіндегі оң өзгерістерден анық байқалады. Бір ғана құрылыс саласына тоқталсақ, тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 683 мың шаршы метр болса, өткен жылы 864 мың шаршы метрге ұлғайды. Өткен жылы бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39 млрд. 100 млн. теңге бөлініп, 2 500-ден астам пәтер пайдалануға берілді.
Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешімін тапты. Бүгін міне, аумағы 10 мың шаршы метрден асатын тұрғын үйлердің құрылысын аяқтап, иелеріне салтанатты түрде табыстауға жиналдық. Жаңа баспаналарды уақытылы әрі сапалы салған құрылыс мекемелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Мемлекеттің қолдауын сезініп, баспаналы болуға ниет еткен әрбір отбасы үшін бүгін айтулы күн! Жаңа қоныс – жақсылықтың бастауы. Баспаналарыңыз татулық пен берекенің ордасына айналсын, баршаңызға құтты болсын! Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай! Жаңа 2025 жыл құтты болсын, ардақты ағайын!»,-деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, өткен жылы Жаңақорған ауданының бюджеті 15 млрд. 800 млн. теңге болса, биыл 20 млрд. теңгеге жетіп, 20 пайызға өсім қалыптасты. Бұл қаржы аудан тұрғындарының көтерген мәселелерін шешуге бағытталуда. Мәселен, 1 млрд. теңгеден астам қаржыға 40 шақырым болатын 38 көше жөндеуден өтті. Жаңақорған кентіндегі теміржол үстінен өтетін аспалы көпірдің құрылысы жүргізілуде.
Тұрғындарды “көгілдір отынмен” қамтуға ерекше мән берілуде. Аудан орталығы мен 7 елді мекенге газ келіп, халықтың 40 пайызы табиғи газды қолдануда. “Сүттіқұдық”, “Жайылма”, Қожамберді елді мекендеріне орталықтандырылған ауыз су жеткізілді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында “Қаратөбе” ауылында дәрігерлік амбулатория ашылып, ел игілігіне қызмет етуде. Тәуелсіздік күні “Төменарық” ауылында дәрігерлік амбулаториямен қоса 15 төсек-орынға арналған ауылдық аурухана ел игілігіне табысталды.
Одан бөлек, Жаңақорған кентінде «Қамқорлық» оңалту орталығы, 200 орындық “Оқушылар үйі” мен 50 орындық “Өнер мектебі”, Байкенже ауылында 150 орындық мектеп, “Бесарық” ауылындағы 375 орындық қосымша оқу ғимараты пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жаңақорған кенті «Саяжай» шағын ауданындағы 600 орындық, “Жаңарық” елді мекеніндегі 300 орындық мектептер жақын күндері ел игілігіне табысталады.
Іс-шарада құрылыс мекемесінің мамандарына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов батасын берді.
Рәсімнен кейін аймақ басшысы тұрғындармен кездесті. Әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыт-бағдары, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысы туралы айтып, жиналған жұртшылықтың ұсыныс-пікірлеріне ден қойды.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ЕКІ АУЫЛЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АЙМАҚ БАСШЫСЫ МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ҚОСЫМША ОҚУ ҒИМАРАТЫН КӨРДІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.