Оқушылар үшінші тоқсанды жаңа «Жайлы мектепте» бастайды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Тамыз 4, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Оқушылар үшінші тоқсанды жаңа «Жайлы мектепте» бастайды

09.01.2025
0
Оқушылар үшінші тоқсанды жаңа «Жайлы мектепте» бастайды

Облыс әкімі Марат Ахметжанов қоғам өкілдерімен, ардагерлермен және БАҚ өкілдерімен бірге Көкшетау қаласындағы 1500 орындық  жаңа «Жайлы мектепті» аралады.

Жаңа мектепте 60 оқу кабинеті, физика, химия және биология пәндеріне арналған арнайы зертханалар, IT кабинеттері бар. Балалардың жан-жақты дамуы үшін мектепте 4 кең спорт залы, кітапхана, оқу залы және 324 орындық көрермендер залы қарастырылған. Мектеп ғимараты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген, мектеп пандустармен, жеделсаылармен және түзету сабақтарына арналған кабинеттермен жабдықталған. Бірінші қабатта 375 орындық асхана орналасқан.

Педагогикалық құраммен кездесу барысында облыс әкімі мұндай заманауи мектептердің ашылуы ел болашағына бағытталған инвестиция екенін атап өтті.

«Бұл мектеп балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, олардың шығармашылық, спорттық және тұлғалық дамуына мол мүмкіндік ашады», – деді облыс әкімі.

«Біз IT-лицейден осы мектепке жаңа білім мен тәжірибе алу үшін ауыстық. Ұлым 3 сыныпта оқиды. Ата-ана ретінде біз өз тарапымыздан заманауи, білімді қазақстандықтарды тәрбиелеуде мектепке көмектесуге дайынбыз», – деді ата-аналар комитетінің өкілі Гүлжан Жақыпова.

Оқушылар мен ата-аналар үшін қолайлы болу мақсатында 9 қаңтардан бастап №6 және №10 қалалық автобус маршруттары ұзартылады. Қоғамдық көлік аялдамасы енді жаңа мектептің алдында орналасқан.

Айта кетейік, Президент тапсырмасы аясында Ақмола облысында жалпы сыйымдылығы 12 200 орындық 9 «Жайлы мектеп» салынды. Оның жетеуі Целиноград ауданында, ал екеуі облыс орталығында орналасқан.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Былтырғы жылы 10,6 млн тонна астық теміржол көлігімен тасымалданды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.