Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЭкономика

Түркістан бағытына әуе рейстерінің саны артады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында 4 қаңтардан бастап Қостанай – Түркістан бағыты бойынша және 13 қаңтардан бастап Қарағанды – Түркістан бағыты бойынша Түркістанға екі субсидияланатын әуерейстерін іске қосты. Сондай-ақ, 13 қаңтардан бастап Астанадан Түркістанға әуе сапарларын бастау жоспарлануда.

Қостанай-Түркістан
Рейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және сенбі күндері орындалады:
IQ 361 Қостанай (15: 00) – Түркістан (17:20)
IQ 362 Түркістан (17:50) — Қостанай (20: 00).
Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуерейстерінің құны бір бағытта 31 000 теңгені құрайды.

Қарағанды-Түркістан
Рейстер аптасына 2 рет орындалады:
Дүйсенбі күндері:
IQ 441 Түркістан (09:50) — Қарағанды (11:40)
IQ 442 Қарағанды (12:20) – Түркістан (14: 00)
Сәрсенбі күні:
IQ 441 Түркістан (12:10) – Қарағанды (14: 00)
IQ 442 Қарағанды (14:40) – Түркістан (16:40).
Субсидияланатын әуерейстерінің құны бір бағытта 20 000 теңгені құрайды.

Астана-Түркістан
Рейстер аптасына 2 рет орындалады:
Дүйсенбі күндері:
IQ 369 Астана (07:05) — Түркістан (09: 05)
IQ 370 Түркістан (14:40) – Астана (16:55)
Сәрсенбі күні:
IQ 369 Астана (09:50) — Түркістан (11:40)
IQ 370 Түркістан (17:20) – Астана (19:20).

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінде 14 жасқа дейінгі балаларға әуекомпания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар

«Комфортная школа»: В Атырауской области открылись первые две современные школы

admin_altyalash

Нурлан Коянбаев объявил среду «Днём Казахстана» в Threads и запустил позитивный челлендж

admin_altyalash

Минздрав: в 2025 году 125 тысяч детей прошли медицинскую реабилитацию

admin_altyalash