Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды биыл да жалғастырамыз – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды биыл да жалғастырамыз

12.01.2025
0
Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды биыл да жалғастырамыз

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында қоғамдық көліктің жұмысы туралы жазды.

«CTS Орталық диспетчерлік қызметінің кеңсесіне бардым. Бұл орталық қала бойынша барлық автобусты мониторингілеп, бақылап отырады: қоғамдық көліктің статусын, желіге қаншалықты уақытында келетінін, кептеліс кезінде автобустардың жұмысын реттеу қажет пе, жол қозғалысының қарқындылығын және т.б. көреді.

Соңғы екі жылда желіге 700-ден астам жаңа автобус шығардық, бұл бізге қоғамдық көлік паркін 45% жаңартуға мүмкіндік берді. Осының және жүйені жаңғырту есебінен жолаушылар ағыны 26%-ға артты. Мәселен, 2023 жылы жолаушылар ағыны күніне орта есеппен 755 мың адамды құраса, 2024 жылы 950 мың адам болды».

Bus Lane енгізу есебінен автобустарды күту уақыты қысқарғанын, ал көліктің орташа жылдамдығы 16 км/сағ дейін артқанын айтты. «Ақылды бағдаршам» енгізілген учаскелерде көліктің орташа жылдамдығы 30 км/сағ дейін ұлғайды.

Сол сияқты бүгін автобустарға түсетін жүктемені бақылау бойынша пилоттық жоба таныстырылды. Жолаушыларды бақылауды жақсарту үшін жүйе әр автобуста нақты қанша адам билетсіз жүретінін көрсетеді. Бұл көліктік бақылау департаментінің тиімді жұмыс істеуіне және жолақы төлеуден жалтарғандарды анықтауды арттыруға, сол арқылы оларды азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, CTS базасында көлік басқарудың бірыңғай орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Қазір автобустардың статусын нақты уақыт режимінде көріп отырмыз, ал енді бұл жобаны қаланың коммуналдық қызметтеріне де енгізу жоспарланып отыр: желіге қанша тазалау және суару техникасы шықты және т.б.

Жоғарыда айтылған барлық жұмысты, оның ішінде жол инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды биыл да жалғастырамыз»,-деп жазды Жеңіс Қасымбек.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені үшін айыппұл төлейтін болды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Моңғолияда үш мың адам митингке шығып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.