Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиПолитика

Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Эдвин Натан Ябо Глусманмен кездесті. Жүздесу аясында Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды және парламентаралық байланыстарды нығайтуға баса назар аударылды.

Сенатор Қазақстан мен Израиль арасындағы екіжақты қатынастардың стратегиялық сипаты туралы айта келіп, маңызына жан-жақты тоқталды. Әңгіме барысында парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету тақырыбы қозғалды. Тараптар заң шығару мәселесін де талқылады.

Парламентаралық іс-қимылдан басқа, сауда-экономика, инвестиция және технология салаларындағы өзара ынтымақтастықтың келешегі туралы  сөз болды. Тараптар кездесу соңында екіжақты қатынастарды қарқынды дамыту ісіне ризашылықтарын білдірді және екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы бес жылда Қазақстан білім мен ғылымға салынған инвестиция көлемін бес есе арттырды.

admin_altyalash

Впереди нас ждёт ещё много запланированных дел

admin_altyalash

Глава государства направил телеграмму соболезнования Королю Испании

admin_altyalash