Елімізде ауыр атлетикамен жүйелі түрде 20 мыңнан астам адам айналысады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде ауыр атлетикамен жүйелі түрде 20 мыңнан астам адам айналысады

20.01.2025
0
Елімізде ауыр атлетикамен жүйелі түрде 20 мыңнан астам адам айналысады

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Мұхаммед Джалуд Әл-Шаммари және Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Юсеф Әл-Манамен кездесті. Сондай-ақ жиынға Бахрейн ауыр атлетика федерациясының президенті Ибраһим Исхақ және Қазақстан ауыр атлетика федерациясының басшысы Гаджи Гаджиев қатысты.

Тараптар жуырда ғана Бахрейн астанасы Манамада мәресіне жеткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы қазақ спортшыларының жетістіктерін талқылап, отандық ауыр атлетиканы дамытудағы ынтымақтастық бағыттарын айқындады. Сонымен қатар аталған спорт түрінен Қазақстан кубогі жарысын ұйымдастыру мүмкіндігі де қарастырылды. Бұл турнир жаңа таланттарды анықтауға және ұлттық құраманың халықаралық аренадағы беделін арттыратын маңызды жарыстардың бірі болмақ.

Жиында 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпия ойындарында ерлер мен әйелдер арасында салмақ дәрежелерінің санын жетіге дейін көбейту, сондай-ақ допингке қарсы күрес мәселесі талқыланды. Тараптар тыйым салынған препараттарға қатаң бақылау енгізудің және спортшыларға арналған білім беру бағдарламаларын жетілдірудің маңызын атап өтті.

«Қазіргі таңда елімізде ауыр атлетикамен жүйелі түрде 20 мыңнан астам адам айналысады. Спортшыларды даярлау үшін 450 жаттықтырушы қызмет етеді. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған спорт мектеп-интернаттары мен олимпиадалық резервті дайындау өңірлік орталықтарының жұмысы өз нәтижесін беруде», – деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.

Жиын соңында тараптар алдағы уақытта өзара қарым-қатынасты нығайтуға, ауыр атлетика спортын кеңінен насихаттауға және спортшылардың жағдайын жақсартуға ниетті екендігін жеткізді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

QR-кодтар қажетті ақпарат пен көмекті жылдам және анонимді алуға мүмкіндік береді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

JOLTAP жобасы жастарға сұраныстарын тауып, өз саласының маманы болуға мүмкіндік береді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.